Анықтама
«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»тақырыбындағы
1-қыркүйек – Білім күніне орай салтанатты жиынныңөткізілуі туралы анықтама
«Қалжат орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп ауласында сағат 2024-2025 оқу жыл 10.00-де 1 және 11 сыныптар үшін
1 қыркүйек білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өтті.
Салтанатты шараның мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.
Мектеп келешекті тәрбиелейтін киелі шаңырақ болса, осы мектептің директорының м.у,а М.Я.Абдурсулов алғашқы сөз кезегін алып, оқушыларды, ата-аналарды, ұстаздарды, салтанатты жиынға қатысушы қонақтарды «Білім мерекесімен» құттықтады. Салтанатты саптық түзілісте мектептің ерекше жетістіктері аталып өтілді. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Желилова Айшигуль Туйгуновна сөз сөйлеп, білім күнімен салтанатты жиынға қатысушыларға жылы лебізін білдрді. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылды. Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған жас бүлдіршіндер барша жиынға қатысушыларға өз өнерлерін ұсынды. Алдымен 1 сыныпқа қабылданған жарқын болашақтың кішкентай бүлдіршіндері өлең шумақтарын, тақпақтарын айтып, жұрттың қошеметіне бөленді. Ақ бантик тағып, бірдей мектеп формасын киген оқушылар мереке сәнін келтірді.
Алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін мектебіміздің биыл мектеп табалдырығын аттағалы отырған оқушыларға берілді.
2 қыркүйек күні 2 – 10 сынып жетекшілері «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарын өтті.
Мереке күні оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау, қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау, құқық бұзушылық әрекеттерді болдырмау және алдын алу мақсатында мұғалімдер кезекшілігін ұйымдастырылды. 1 – қыркүйек білім күні мерекесінде мектепте еш келеңсіздік орын алған жоқ.
https://www.facebook.com/share/p/wRoZZXQhhytmwdDq/?mibextid=oFDknk
https://www.facebook.com/share/v/y4ZdPqQPkF4K7xDK/?mibextid=oFDknk
https://www.facebook.com/share/v/bgovwD3wYVjp7ECc/?mibextid=oFDknk
Анықтама дайындаған: ДТІЖО С.Т.Жармухаметова