хаттама ата-аналарға
“Алматыоблысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Қалжат орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Хаттама№1
“Қалжат орта мектебі” 09.09.2025жылБарлығы: 130
Қатысқаны:87
Жиналыстың тақырыбы: «Баланың бас ұстазы – өзіңіз».Қатысқандар:
-Д.С.Блалов- мектеп директорының м.у.а.
-С.С.Накисбекова - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
-Құқық менеджері М.З.Шакиров
-ИДН қызметкерлері
-Матниязов Т.Б Болатұлы Е Садыкова А
-А.Медеуова – педагог – психолог
-Сынып жетекшілер
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:- 2025–2026 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері;
- мектеп пен ата-аналардың тығыз байланысы, оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігі;
-мектептің ішкі тәртіп ережелері,мектеп формасы, “Адал азамат-біртұтас тәрбие бағдарламасы” жайлы түсінік беру
Бірінші мәселе бойынша мектеп директорының м.у.а. Д.С.Блалов
2025-2026 оқу жылының басталуындағы оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы айтып өтті.
Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру керек екенін, адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер болу керек.
2025-2026 оқу жылында атқарылған жұмыстар, биылғы оқу жылындағы мақсат-міндеттер және оқушылардың тәртібі, формасы туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.С Накисбековаөткен оқу жылының қорытындысына тоқтала келіп, өз сөзінде оқушылардың тәртібі, оқулары және балалардың кешкісін көшеде сегізден кейін жүрмеуін, оқушылар көліктерді айдамау керек екендігін айтып, тәрбие туралы кең көлемде түсіндірді.“Адал азамат-біртұтас тәрбие ”бағдарламасын іске асырудағы міндет-мақсаттарымен кең көлемде таныстырып, “Өнегелі 15минут” ата-ана балаларына үлгі-өнеге көрсететіні жайлы да түсінік бере кетті.
Сөйледі:
-ИДН қызметкерлері:
-Болатұлы Е, Матниязов Т.Б ,Садыкова А.
Болатұлы Е 1. Мектепте буллингтің алдын алу жұмыстарын, «Кәмелет жасына толмағандар арасында мопед, электроскутер құралдарын рұқсатсыз пайдаланудың салдары» туралы ата-аналарға түсіндірді.Бала құқықтары жайлы молынан мағлұмат беріп,заңдармен түсініктер жүргізді, кешкі уақытта балаларды заңды өкілдігінсіз яғни ата-анасынсыз кешкі 8ден кейін шықпауларын,бұл мектептің ішкі тәртіп ережелерінде бекітілгенін түсіндірді.
Садыкова А. «111 – Балаларға арналған ұлттық сенім телефоны» туралы түсіндіріп, оқушылар формамен,шаштарын жинап,ұлдар уақтылы шаштарын қысқартып тәртіпке бағыну керектігін айтты, әр оқушы болсын,ұстаз болсын, ата-ана болсын “Өзіңді-өзің сыйла” деген ұстаным айтып,оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларынөткізу туралы түсінік берді.
Матниязов Т.Б
Мектеп оқушылары арасында буллингтің алдын алу, құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Ата-аналарға балаларын тәртіпті болуға,заңды бұзбауға, өз өмірлерін бағалауға кеңес беруді атап айтты.