Анықтама
«Қалжат орта мектебі» коммуналдық мемлекттік мекемесінде
«Еңбек - ырыстың қазығы» тақырыбы негізінде еңбек күніне өткізілген іс шаралар туралы
Анықтама
«Қалжат орта мектебі» коммуналдық мемлекттік мекемесінде қыркүйек
айында 1-11 сынып жетекшілері «Еңбек - ырыстың қазығы»тақырыбын негізге ала отырып, сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты:
Еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру;
Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой өрісін дамыту;
Оқушыларды еңбек сүйгіштікке,шаруақорлыққа, іскерлікке, үнемді болуға тәрбиелеу.
Нақыл сөз: «Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ».
«Шыдамды еңбек, ақыл - ой
Анық досың біліп қой»,
«Адам баласының ең жаманы - талапсыз» Б. Момышұлы демекші:
Қазақстан республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен 21 қыркүйек күні «Бүкіләлемдік тазалық» күні болып жариялануына сәйкес мектеп ауласында сенбілік ұйымдастырылды.
Шараға 25 қызметкерлер қатысты.
20 қыркүйек күні 8 сынып жетекшісі Б.Халметова оқушыларымен
«Еңбек түбі береке» тақырыбында сынып сағатын өтті.Оқушылар сыныпта және үйлерінде гүлдеріне су құйып, ата анасының алғысына бөленді.
7 ә сынып жетекшісі Ш.Алимова «Еңбек түбі - береке» тақырыбын негізге ала отырып, «Еңбек - ырыстың қазығы» тақырыбында о0ушыларды еңбекке баулу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде оқушылары үйлеріне барып, ата аналарына көмектесті.
25 қыркүйек күні 9 ә сынып жетекшісі З.Зайтова «Еңбек түбі - береке» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Қорыта келе, сынып жетекшілер оқушыларға «Еңбек етсең ерінбей, таяды қарның тіленбей» мақалының мән мағынасы туралы түсінік берді.
https://www.facebook.com/share/v/qpdszDRMgtKG1nir/
https://www.facebook.com/share/v/A16S4jTqDyhE2xDU/
https://www.facebook.com/share/v/tDhePPY7PVCv4WJ9/
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Жармухаметова