8 наурыз » Қалжат орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қалжат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 47-3-48
Есепші бөлімі:
+7(72778) 47-3-48
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
март
2022

8 наурыз

«Қалжат орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық  мемлекеттік   мекемесінде  «8 наурыз Халықаралық әйелдер»  мерекесі  күніне жасалынған іс-шаралар жоспарының орындалуы    туралы

  анықтама


       Қалжат орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығында «8 наурыз Халықаралық әйелдер»  мерекесі   күніне  іс-шаралар жоспары жасалынып, мына төмендегі жұмыстар атқарылды.

   Барлық сыныптар «Мерекеңмен анашым!» атты тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 

Мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі М.Абдуллаева «Аяулы менің анашым»   тақырыбында тәрбие сағат өткізді. 

Мақсаты: Анаға деген  сүйіспеншілік   сезімдерін  арттыру,  ананы   құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар   бойындағы  жеке  қабілеттері мен  таланттарын   дамыту, адамгершілікке,   ізеттілікке, достықты   қастерлей  білуге  тәрбиелеу.   

Тәрбиеші  оқушыларға    аналарына арнап гүлдер жасатып, барлық оқушылар  сабаққа белсенді  қатысқаны   үшін марапаттады.

2 сынып жетекшісі   П.Машурова «Мейірімді ана»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізіп,  сабақтың   мақсатымен таныстырды.  


4 сынып жетекшісі М.Масутова  «Ана- гүл, ана – өмір шуағы»  тақырыбында сынып сағатын өткізді және  WhatsApp  желісі арқылы   оқушылар аналарға арнап  өлеңдер оқып. бейнеролик   түсірді.

Мақсаты:  Оқушыларға   әлемнің жарығын сыйлаған   аналар  мерекесі  туралы   түсінік беру, сый  құрметке тәрбиелеу, ұлтқа  тән  жақсы   қасиеттерді  қалыптастыру.

7 сынып жетекшісі  С.Абдужелилова  «Ана – өмірдің гүлі» тақырыбында бейнеролик дайындады. Оқушылар ана туралы  өлеңдерді  жатқа оқыды.

Мақсаты: Оқушыларға ана мейірімін, қадірін білу  туралы түсінік беріп, аналарды құрметтеуге, сүюге, қадірлеуге   тәрбиелеу.

11 сынып жетекшілері  Г.Махмутова мен Р.Тұрғанжановтар 11 сынып  ата- аналарымен  «Анама   алғыс  білдіремін»  тақырыбында кездесу  ұйымдастырды.

Мақсаты:  Оқушыларға   әлемнің жарығын сыйлаған   аналар  мерекесі  туралы   түсінік беру,  аналарды  құрметтеуге, ізеттілікке, сыйластыққа, адамгершілікке  тәрбиелеу.

  Оқушылар   аналарға  арнап шағын  мерекелік ән- билерін  арнап.көрініс көрсетті.


Музыка  пәнінің   мұғалімі С.Нақысбекова «Мерекеңмен анашым» атты  кеш ұйымдастырды.

Мақсаты:  Мерекелік көңіл – күйін құру, анасына, әжесіне  сыйластық  тәрбиелеу, махаббат  тарту, өзінің   жақын  адамдарын  қуанта   білуге, мейірімділікке  тәрбиелеу. Мерекелік кеш тартымды  болды.

«8 наурыз – Халықаралық әйелдер» мерекесіне  орай  директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасарлары   С.Жармухаметова мен Г.Тохтамовалар мектеп  ұстаздар    арасында «Ал, қанеки   қыздар!»  спорттық  волейболдан   жарыс ұйымдастырып, жеңген   командалар сыйлықтармен    марапатталды.

   Сонымен   қатар  қалжат орта мектебінің қыздары кетпен ауылына  барып,   мектеп   оқушылар  аймақтық қыздар  арасында    волейболдан   III орынға ие болды.



Мереке  кезінде   тәулік  бойы кезекшілігі  ұйымдастырылды. 

     Ешқандай құқық  бұзушылық   орын алған  жоқ.    



Мектеп директоры                         М.Абдурсулов



Дайындаған: С.Жармухаметова