Наурыз мейрамы анықтама » Қалжат орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қалжат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 47-3-48
Есепші бөлімі:
+7(72778) 47-3-48
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
март
2022

Наурыз мейрамы анықтама

«Қалжат орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінде    «Наурыз » мерекесінің    

 іс-шаралар  жоспарының орындалуы туралы анықтама

   «Қалжат орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық   мемлекеттік  мекемесінде   «Наурыз шуағы» мерекесінің   ұйымдастырылған    іс-шаралар   жоспары  жасалынып, мына төмендегі жұмыстар атқарылды.

Барлық сыныптар бойынша «Армысың, әз Наурыз» тақырыбында сынып сағаттары, тәрбие сағаттары, дөңгелек үстел, сұхбаттар,кітап көрмесі, жас суретшілер мен  қолөнершілер қайырымдылық  акциясы, қарттармен кездесу, ұлттық киімді  насихаттау,спорттық ойындар, концерттік бағдарлама т.б. іс – шаралар өткізілді.   

  Барлық   сыныптар  «Армысың, әз Наурыз»  тақырыбында сынып сағаттары, дөңгелек үстел, сұхбаттар  өткізді.


14 наурыз «Көрісу күні»  Бұл күні жұрт бір-бірін ұлыстың алғашқы күнімен құшақтап, төс қағыстырып, сәлемдесіп, көрісу рәсімін жасады.

1 а сынып жетекшісі   Р.Якупова «Құт,  береке  бастауы-Наурыз!» тақырыбында  тәрбие   сағатын өткізді. 

Мақсаты:  Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың 
 ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық 
 талдауда жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген 
 сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. 
 
Оқушылар,  ата-аналармен бірлікте қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау  барысында  өтті.


 



Кітапханашылар М.Қасимова мен М.Ахметовалар  «Ұлттық   дәстүр» тақырыбында  кітап  көрмесін   ұйымдастырып,  20 минут кітап оқу барысында мектеп  оқушыларымен түсіндіру  жұмыстарын  жүргізді.

Мақсаты: 1.Балалардың  бойына халқымыздың  рухани байлығын  сіңіре   отырып, ата дәстүрін  танытып  білуге,   ардақтауға  құрметтеп  мақтан   тұтуға  тәрбиелеу.

2.Ұлттық  салт дәстүр  туралы балалардың  білімдерін жетілдіру.

3. Имандылық пен адамгершілікке, әдептілікке, сыпайылыққа  тәрбиелеу.



 


2 а сынып жетекшісі Д.Иманалиева  «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты тәрбие сағат өтті.  Мақсаты:Балаларға ұлыстың  ұлы   күні  туралы  мағлұмат беру, Отанын,  елін   сүйюге, ұлттық салт-дәстүрін   дәріптеуге  тәрбиелеу.

 

 



8 сынып жетекшісі Г.Савирдинова  «Қош келдің,   Наурыз!» тақырыбында  сынып сағатын өткізді.

Мақсаты: Балаларға   ұлтымыздың  Наурыз  мерекесі   туралы  түсінік беру. Дүниетанымын, сөздік  қорын, есте  сақтау   қабілеттерін  дамыту.

 Ұлттық  салт – дәстүрлерді, білуге, оларды  мақтан   тұтып  қадірлеуге  тәрбиелеу.


5-6 сынып жетекшілері Э.Ибрагимова мен Г.Сегизбаевалар «Қош келдің, Наурыз!» тақырыбында   тәрбие  сағат өткізді.

  Мақсаты:  Оқушыларға Наурыз- жыл басы, яғни  дін   мейрамы  емес, ұлт  мейрамы   екендігін,  тарихи  маңызын   түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп   келе  жатқан  салт- дәстүр,   ұлттық  тәрбие  туралы   түсінік беру.



7 а сынып   жетекшісі  С.Жармухаметова  «Қош келдің, Әз – Наурыз!» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді.

Мақсаты: Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға, табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Оқушылар  өз ойларымен  бөлісіп, постер  қорғады.


 

3 а сынып жетекшісі  С.Абдимова  «Қош келдің,   Наурыз!» атты  тәрбие  сағат   өткізді. Мақсаты:  Балаларға  ұлтымыздың   Наурыз  мерекесі  туралы   түсінік беру,  Дүниетанымын, сөздік  қорын,  есте   сақтау  қабілеттерін дамыту,  Ұлттық   салт-дәстүрлерді білуге,   оларды  мақтан  тұтып   қадірлеуге  тәрбиелеу.

 

 Музыка  пәнінің   мұғалімі  С.Нақысбекова  «Қош келдің, Наурыз!» тақырыбында  5- 6 сынып   оқушыларымен  шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырып, оқушылар   марапатталды.

  Мақсаты:  Оқушыларға Наурыз- жыл басы, яғни  дін   мейрамы  емес, ұлт  мейрамы   екендігін,  тарихи  маңызын   түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп   келе  жатқан  салт- дәстүр,   ұлттық  тәрбие  туралы   түсінік беру.


7 ә сынып жетекшісі  М.Абдуллаева  «Қош келдің жаңа жыл, Наурыз!» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді.


 

2 ә сынып жетекшісі П.Машурова тәрбие сағат өткізді.

 



«Салауат» пән бірлестігі  9-11 сынып қыздар және  мұғалімдер   арасында  волейболдан  жарыс   ұйымдастырса, ұлттық  спорт ойындары  арқан   тарту,  тоғызқұмалақ   жарыстарын өткізіп, оқушыларды  марапаттады.   

 


«Арқан тарту»  ұлттық ойын

 

«Тоғызқұмалақ» ойыны.

 

«Сымбат»  пән  бірлестігі   «Бақ  дарытар  құт   Наурыз!» атты  қолөнершілер  байқауын   өткізіп, оқушыларды  марапаттады.

 Мектепалды даярлық тобының   тәрбиешілері  «Наурыз той думан»  тақырыбында ертеңгілік ұйымдастырды.   

5- 8  сынып   оқушылар  арасында «Дастан»  пән бірлестігі «Ұлы  Наурыз – жаңа жыл басы!»  тақырыбында эссе, шығарма байқауын ұйымдастырды.



Әлеуметтік –педагог  М.Баратова  «игі   істер  күні»  қайырымдылық   акциясын  ұйымдастырды.

 


 



Директордың тәрбие ісі жөніндегі   орынбасарлары  «Дария кеуде  тау   мүсін,  қарттарым  аман - саумысың»  кездесу   өткізді.



 


 Мектеп  ұжымы  ұлттық   киімімізді насихаттау мақсатында   мектепке  ұлттық  нақыштағы   киім  үлгісімен  келіп, ең үздік  ұлттық киімін   анықтады. 

 

Ауыл  әкімшілігімен бірлікте  наурыз  мерекесі   ұйымдастырылды.

 Бұл күні әдет-ғұрып, салт- дәстүрлер айшықталады. Бұл мейрамда   ата-анаға, жақын туған – туысқа  сый-сияпат жасап, қуанышқа бөлейді.

  Мереке   кезінде  тәулік  бойы кезекшілігі  ұйымдастырылды. Ешқандай құқық  бұзушылық   орын алған  жоқ.   



Мектеп директоры                                М.Я.Абдурсулов





Дайындаған: С.Т.Жармухаметова  

                   Г.Тохтамова





https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=508695710607499&id=100044012232564&sfnsn=mo


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=510121430464927&id=100044012232564&sfnsn=mo