Оқушылардың асханадағы техника қауіпсіздігін және тәртіп ережелерін сақтау туралы нұсқаулық » Қалжат орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қалжат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 47-3-48
Есепші бөлімі:
+7(72778) 47-3-48
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылардың асханадағы техника қауіпсіздігін және тәртіп ережелерін сақтау туралы нұсқаулық
14
март
2023

Оқушылардың асханадағы техника қауіпсіздігін және тәртіп ережелерін сақтау туралы нұсқаулық

Оқушылардың асханадағы техника қауіпсіздігін және тәртіп ережелерін сақтау туралы нұсқаулық

Оқушылардың асханадағы техника қауіпсіздігін және тәртіп ережелерін сақтау туралы нұсқаулық
І. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары


1. Асханаға тәртіпті сақтай отырып асықпай, сабырлықпен  кіріп және шыққан жөн.
2. Асханаға сөмке немесе портфель апармаған жөн.
3. Асхананың ішкі бөлмелеріне кіруге болмайды.
4. Ыдыстар мен  жиһазға ұқыптылықпен  қараған дұрыс. Оларды сындыруға болмайды.
5. Электрожарығын өздігінен қосуға және сөндіруге тыйым салынады.  
6. Терезені және терезенің желдеткішін өздігінен ашып - жабуға тыйым салынады.

Асханадағы жарақат алу қауіпсіздігі:

-   Электржарығын косып және сөндірген кезде (тоқ соғу қаупі бар)
-   Ыстық тағам, шәй құйылған ыдысты тасу кезде (күйіп қалу қаупі бар)
-   Шыны ыдыс сынған жағдайда (жарақаттану қаупі бар)


ІІ. Ас ішу алдындағы қауіпсіздік талаптары
1. Ас ішу алдында қолды сабындап жу.
2. Асханаға кірген кезде тәртіп ережесін және ас ішу уақытынның кестесін сақта.
3. Үстел басында өз орнына отыр 
 ІІІ.  Ас ішу кезінде  қауіпсіздік талаптары
1. Үстел басында тәртіп ережелерін сақта.
2. Жолдастарының ас ішуіне бөгет жасама.
3. Ас ішкен кезде сөйлеспе, көршілеріңді итерме
4. Ыстық тағамды асықпай, мұқиятты іш.
5. Босаған ыдысты сол жағына қойып, оның құлағанына жол берме.
ІV. Қауіпті жағдайдағы қауіпсіздік талаптары
1. Қауіпті жағдай туылған жағдайда  (өрт, өткір иіс шығу) сынып кураторы немесе аспазшылардың бұйырымен асхананы босатқан жөн.
2.  Жарақатталған кезде көмек алу үшін кураторға жолық.
 V. Ас ішкенен кейінгі қауіпсіздік талаптары
1. Асханадан сабырлықпен, бірін-бірі итермей, тәртіп сақтап шыққан жөн.
2. Асханадан тамақ шығарма.