Анықтама
«Қалжат орта мектебі» коммуналдық мемлекттік мекемесінде
Рақымжан Қошқарбаевқа 100 жыл толуына байланысты
«Жеңістің туын желбіреткен - Рақымжан Қошқарбаев!»тақырыбында өткізген сынып сағаттары туралы
Анықтама
«Қалжат орта мектебі» коммуналдық мемлекттік мекемесінде 14 қазан күні
Рақымжан Қошқарбаевқа 100 жыл толуына байланысты
«Жеңістің туын желбіреткен - Рақымжан Қошқарбаев!»тақырыбын негізге ала отырып, 1-11 сынып жетекшілері сынып тар бойынша сынып сағаттарын өткізді.
Мақсаты:
Оқушыларға Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі арқылы патриоттық сезімді ояту, елін, жерін сүюге және Отанды қорғауға ұмтылдыру.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ батырларының ерлігін еске түсіріп,жастарға сол уақыттың тарихи маңызын түсіндіру.
Ерлердің ерлігін үлггі етіп,жас ұрпақты аға буынның жетістіктерін бағалап,құрметтеуге тәрбиелеу.
Ер елдің айнасы», - демекші елімізде білектің күшімен, найзаның ұшымен елін қорғап қалған батыр ата-бабаларымыздың ерлік істері бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай. Тым арғы ғасырларға бармай-ақ осы ХХ ғасырда болған Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, тарихта аты қалған батыр бабаларымыз қаншама. «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы», - деп өткен ерлердің есімі еш уақытта ұмытылмай ұрпақтан-ұрпаққа жететіні ақиқат. Батыр бабаларымыз.Осындай батыр бабаларымыздың бірі, Берлинді алуға қатысқан, рейхстагқа ту тіккен, Ұлы Отан соғысының ардагері, «Халық қаhарманы», 2364 жеке қор иесі – Рақымжан Қошқарбаев.
Біз батырларымызды мәңгілікке ұмытпаймыз.
https://www.facebook.com/share/p/goY19mLhKYrzixEw/
https://www.facebook.com/share/v/qJEaBubq4TxBZmBT/
Дайындаған: С.Жармухаметова