«Мектепке жол» акциясы туралы анықтама 2022-2023 оқу жылы » Қалжат орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қалжат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 47-3-48
Есепші бөлімі:
+7(72778) 47-3-48
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепке жол» акциясы туралы анықтама 2022-2023 оқу жылы
30
сентябрь
2022

«Мектепке жол» акциясы туралы анықтама 2022-2023 оқу жылы

Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы  бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қалжат орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық  мемлекеттік мекемесіндегі
«Мектепке жол» акциясы туралы анықтама
2022-2023 оқу жылы
2022-2023 оқу жылында ұйымдастырылып жатқан «Мектепке жол» акциясы «Мектепке жол — Шекарасыз жақсылық» атты ұранмен өткізіліп жатыр. 
Биылғы мектепке жол акциясында әлеуметтік мәртебе ие отбасы балаларына мектепке қажеті оқу құралдарымен қамтамасыз етіп көмектерін созған Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Қазбұлақ» шекара бөлім майорі Кәкім Олжас Ақылбайұлы басшылығымен 62 000  теңгеге    10   толық емес, күн көрісі төмен, мүмкіндігі шектеулі үйде оқитын отбасы балаларына мектепке қажетті оқу құралдарымен және де қажетті заттарымен  қамтамасыз етіп берсе, Ұйғыр аудандық этномәдениет орталығы 4 оқушыға 10000 теңгелей оқу құралдарын,мектеп сумкасы алып берді жалпы 40 000  теңге, Шонжы ГЭС орталығы (АО «Алатау жарық компаниясы») 1 оқушыға 10 000 теңгелік спорттық киім алып берсе,  Қалжат ауылдық әкім аппараты және де  ауылдық жастар тарапынан 12 оқушыға 24 000  теңгеге  мектепке қажетті оқу құралдары берілді.  «Самұрық Қазына» қоры тарапынан 2 оқушыға 15 000 теңгелей  жалпы  30 000 теңгеге мектеп сумкасымен, оқу құралдарын алып берді. Мектеп ұжымы тарапынан   17 оқушыға 52 000 теңгелик мектепке қажетті дәптер қаламдармен қамтамасыз етілді. Жалпыға бірдей білім беру қорынан 1 қорғаншылыққа алынған оқушыға, аз қамтылған 1 оқушыға, тұрмыс деңгейі төмен 1 оқушыға мектеп формасымен,  мектепке қажетті оқу құралдары және де  ата-аналарының есеп шоттарына 21 500 теңгелей ақша аударылып берілді. Берілген қаржылай көмекке ата - аналары баласына қажетті киімдерін алып берді.
Жалпы 2022-2023 оқу жылындағы   «Мектепке жол» акциясы аясында 44 оқушымызға  218 000 теңгелей көмек көрсетілді.