Кітапханашының жылдық жоспары
2024-2025 оқу жылына кітапхананың жұмыс жоспары
Кітапхана жұмысының негізгі мақсаты
Мектеп кітапханасы- мектептің бір бөлімі, сондықтан жылдық жоспардың басым бөлігі-оқу тәрбие жоспарына негізделеді. Кітапхана жұмысының қажеттілігі мен ерекшілігі, ол мектеп ұжымының барлық оқу жүйесіне қатысушыларына оқу бағдарламасының түрлерін, жаңа кітаптарды және басқа да ақпараттық материалдарды ұсынады. Қазіргі оқыту технологиялары арқылы әр түрлі кітапханалық іс шараларды өткізу негізінде оқушылардың кітап оқу қызметін қалыптастыра отырып, тілдерін дамыту арқылы білім сапасын арттыруға көмектесу. Кітап өз оқырманын жан-жақты тәрбиелеумен бірге танымдық білімдік қасиетін дамытары анық. Президент ұсынған «Оқуға құштар мектеп » жобасын ұйымдастыру арқылы оқырмандармен жұмыс жасау. Көркем әдебиеттермен кітап қорын толықтыру. Жаңа кітаптарға , мерзімді басылымдарға тұрақты ақпарат күндерін өткізу.
Кітапхана жұмысының міндеттері
- Кітапхана өз жұмысын педагогикалық ұйыммен бірлесіп атқарады.
- Оқырмандарға тез және сапалы қызмет көрсету.
- Қарыз кітапқа немқұрайлы қарайтын оқырмандармен жұмыс жүргізу.
- Оқулықтарды тексеру бойынша рейд жүргізу.
- Кітап қорының жинақталуын, есепке алынуын, орналастырып сақталуын ұйымдастару.
- Кітапхананы қазіргі талапқа сай безендіріп, оқырмандармен белгіленген жоспар бойынша әдеби кеш, конференция дөңгелек үстел, ақын-жазушылардың шығармашылық кештерін өткізу.
- Кітаппен өз бетінше жұмыс істеу жолдарын меңгерту, кітап арқылы ой-өрістерін, рухани жан дүниесін кеңейту, білімді парсатты азамат етіп тәрбиелеу.
№ | Жұмыс мазмұны | Орындау мерзімі |
Оқу әдебиеті қорымен жұмыс жоспары | ||
1 | 2024-2025 оқу жылына арналған оқушылардың оқулықтармен және оқу құралдармен қамтылуына диагностика | Тамыз–қыркүйек |
2 | Оқулықтарды қабылдау және оқушыларға беру. Оқу бағдарламасына сәйкес толық көлемде оқулық беруді қамтамасыз ету. | Тамыз |
3 | Қор жылжуына қорытынды жүргізу. | Желтоқсан |
4 | Түскен оқулықтарды қабылдау және өңдеу: жүкқұжаттарын ресімдеу, оларды бухгалтерияға өткізу, мөртаңба қою. Түсу деңгейіне қарай, Картотеканы ресімдеу . | Жыл бойы |
5 | Оқу бағдарламаларының ескіруі мен ауысуын ескере отырып, оқулық қорын есептен шығару. | Жылына 1 рет |
6 | Сыныптар бойынша оқулықтар, ведомостер беру журналын жүргізу . | Мамыр, қыркүйек |
7 | Оқулықтарды тексеру. Рейд жүргізу | Тоқсан сайын |
Көркем әдебиет қорымен жұмыс | ||
1 | Кітапхана қорын есепке алу. 5 жылда 1 рет түгендеу Түгендеуді қорытындылау.Бухгалтерияның материалдық бөлімінде кітапхана қорын тексеру туралы актіні ресімдеу. | Жыл бойы |
2 | Кітапхана оқырмандарының ақпаратқа еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету. | Үнемі жыл бойы |
3 | Қорды сақтау бойынша жұмыс: оқырманның келтірілген залалды бекітілген тәртіпте өтеуі бойынша шараларды қамтамасыз ету; борышкерлердің тізімін жасау; кітапхана қорын жүйелі сақтау мен физикалық сақталуы бойынша тиісті режимді қамтамасыз ету | Үнемі жыл бойы |
4 | Ескі көркем әдебиет пен рухани тұрғыдан ескірген әдебиетті есептен шығару. | Жылына бір рет |
Оқырмандармен жеке жұмыс | ||
1 | Оқырмандар формулярымен танысу және талдау. | Жыл бойы |
2 | Кітапханаға түскен жаңа кітаптар, энциклопедиялар, ертегі кітаптар туралы ұсынымдық және жарнамалық әңгімелесулер.Түсу деңгейіне қарай | Жыл бойы |
3 | Абонемент пен оқырмандар залында оқырмандарға қызмет көрсету: оқушылар, педагогтар, техникалық персонал, ата аналар . | Үнемі |
4 | Кітапхананың жұмыс кестесіне сәйкес оқушыларға қызмет көрсету. | Үнемі |
5 | Әр оқырманның жас ерекшеліктеріне сәйкес көркем әдебиет ұсыну . | Үнемі |
№ | Жұмыстың мазмұны | Мерзімі | Сынып | Жауапты |
1 | Оқулықтарды сыныптар бойынша бөліп тарату.Жаңадан келіп түскен оқулықтарды тіркеу,қордағы кітаптарға тазалық жұмыстарын жүргізу. | Қыркүйек | 1-11 сыныптар | Кітапханашы |
2 | Ыбырай Алтынсарын «Кел,балалар оқылық» Оқушыларға кітапхананы пайдалану ережесі туралы түсінік беру. Кітапханаға саяхат. | Қыркүйек | 1 сыныптар | Кітапханашы |
3 | «Оқыңыз,қараңыз- жаңа оқулық және әдістеме» Мұғалімдерге арналған тақырыптық сөре. | Қыркүйек | Үнемі | Кітапханашы |
4 | Кітапханаға келген оқырмандарды тіркеу.Формуляр толтыру. | Қыркүйек | 1-11 сыныптар | Кітапханашы |
5 | Кітапхананың жұмыс күнделігін толтыру.Әр айдың соңында айлық қорытындысын есептеу. | Жыл бойы | Кітаханашы | |
6 | Атаулы тұлғаларға көрме ұйымдастыру | Қыркүйек | Кітапханашы | |
Білім күніне орай «Білімім Отаныма» атты бұрыш | Қыркүйек | 5-9 сыныптар | Кітапханашы Сынып жетекшілер | |
7 | Мұғалімдерге жаңа оқу жылында келіп түскен әдістемелік нұсқаулықтар мен электронды нұсқаға бұрыш ұйымдастыру. | Қыркүйек | Кітапханашы | |
8 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында әдеби және ертегі кітаптарға кітап көрмесін жасау.Оқырмандарға таныстыру,насихаттау жұмыстарын жүргізу. | Жыл бойы | 1-11 сыныптар | Кітапханашы |
9 | «Буккроссинг» Өзің оқы,басқалар да оқысын кітап көрмесін жасау | Қыркүйек | Үнемі | Кітапханашы |
10 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Бердібек Соқпақбаев 100 жыл. «Балалар әдебиеті» көрме.Портрет кеші. | Қыркүйек | 5-6 сыныптар | Кітапханашы Сынып жетекші |
11 | Ахмет Байтұрсынов және қазақ қоғамы. Дөңгелек үстел | Қыркүйек | 5-11 сыныптар | Кітапханашы Сынып жетекшілер |
12 | Тілдер күніне орай «Ана тілі – ұлттың мақтанышы» бұрыш. | Қыркүйек | 7 сыныптар | Кітапханашы |
13 | «Оқулықты күтіп ұста» Рейд жүргізу | Қазан | 1-11 сыныптар | Кітапханашы |
14 | Сәкен Сейфуллин 130 жыл. Дөңгелек үстел | Қазан | Кітапханашы | |
15 | 25 қазан Республика күні көрме | Қазан | 4-8 сыныптар | Кітапханашы |
16 | Кітапхана активінің отырысын ұйымдастыру.Кітапхана кеңесінің мүшелерін сайлау және кітапхана кеңесінің жұмысын жоспарлау. | Әр тоқсан сайын | Кітапхана мүшелер | Кітапханашы |
17 | Бейімбет Майлин 130жыл.көрме ұйымдастыру. | Қараша | 7 сыныптар | Кітапханашы |
18 | «Оқулықты күтіп ұста» Рейд жүргізу | Қараша | 1-11 сыныптар | Кітапханашы |
19 | 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне «Тәуелсіздік белестері» кітап көрмесі. | Желтоқсан | Кітапханашы | |
21 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ериегілер еліне саяхат «Бауырсақ» ертегісіне көрініс. | Қаңтар | 1-4 сыныптар | Кітапханашы Сынып жетекшілер |
22 | Қысқы демалыста отбасыммен кітап оқимын. | Қаңтар | 2-7 сыныптар | Кітапханашы Сынып жетекшілер |
23 | Оқуға құштар мектеп жобасы аясында Ілияс Есенберлин,жазушы,туғанына 110 жыл. «Аты әлемге мәшһүр жазушы» атты Шығармаларын оқу сағаты | Қаңтар | 8 сыныптар | Кітапханашы Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері |
24 | Оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Жырлайды жүрек» М.Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу | Ақпан | 5-9 сыныптар | Кітапханашы Сынып жетекшілер |
25 | «Отты жылдар жаңғырығы» Ауған ардагерлеріне көрме | Ақпан | 8 сыныптар | Кітапханашы |
26 | 1-Наурыз Алғыс айту күні «Мың алғыс,сізге оқырман» атты көрме сұхбат | Наурыз | 1-11 сыныптар | Кітапханашы |
27 | «Қош келдің,әз наурыз» дөңгелек үстел | Наурыз | 5-8 сыныптар | Кітапханашы Мұғалім Н.Машурова |
28 | Көктем демалысы оқушыларды кітап оқуға шақыру | Наурыз | 4-8 сыныптар | Кітапханашы Сынып жетекшілер |
30 | «Қалың қалай оқулық» рейд жүргізу | Сәуір | 1-11 сыныптар | Кітапханашы |
31 | Оқуға құштар мектеп жобасы аясында Сәбит Мұқанов 125 жыл «Тарлан талант тағдыры» танымдық сағаты | Сәуір | 7 сыныптар | Кітапханашы Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері |
32 | Халықаралық балалар кітабы күні көрме ұйымдастыру. | Сәуір | Кітапханашы | |
33 | 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Ер жігіт ел қорғаны» атты сұхбат | Мамыр | 7-9 сыныптар | Кітапханашы |
34 | 9 – мамыр Жеңіс күніне «Бейбіт күн жасасын әлемде» кітап көрмесі | Мамыр | Кітапханашы |