Өмірбаян! Д.Блалов » Қалжат орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қалжат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 47-3-48
Есепші бөлімі:
+7(72778) 47-3-48
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
октябрь
2024

Өмірбаян! Д.Блалов

Өмірбаян!


Мен Блалов Дилмурат Сейдалымұлы 1974 жылы 10-ақпанда Кіші-Диқан ауылы, Ұйғыр ауданы, Алматы облысында дүниеге келдім.

1980жылы «Октябрь орта мектебінің» 1-сыныбына барып, 1990жылы аталған мектепті аяқтадым.

1994жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік Университетінің тарих факультетіне қабылданып, 1998жылы аяқтап , тарих пәнінің мұғалімі дипломын алдым.

2001-2003жылдар аралығында Есік қаласындағы «Райымбек батыр» атындағы орта мектепте тарих және еңбек пәндерінің мұғалімі болып жұмысымды бастадым.

Ал, 2004жылы «Қалжат орта мектебінде» дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. 2005жылдан бастап осы аталған мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып ұстаздық қызметімді жалғастырдым.

2013- 2021жылдар аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымы бойынша жұмыс атқардым.

2024жылдың 2-қыркүйегінен Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып , 1-қазан айынан бастап Директордың уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалдым.