1 - желтоқсан
«Қалжат орта мектебі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» отдела образования Шуского районанде «Қазақстан Республикасының 1-Желтоқсан Тұңғыш Президент күні» туралы
анықтама
Қалжат орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығында «1-Желтоқсан Тұңғыш Президент күніне» байланысты 22-қарашадан 1-желтоқсан аралығында тұңғыш Президент күнін өткізу алдын-ала жасалған жоспар негізінде өтті.
Барлық сыныптарда «Менің тұңғыш - Елбасым» атты тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Кітапханашылар М.Қасимова мен М.Ахметова «Елім деп туған – Елбасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
1-6, 7-11сыныптар аралығында «Өмір жолына саяхат», «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-сенімнің шарқау биігі» атты оқушыларға интерактивті тақтада слайд көрсетілді.
«Ел мақтанышы - Елбасы» атты тақырыбында шығарма, эссе, диктанттар жазылды.
«Елін сүйген Елбасы» атты мәнерлеп оқу тақырыбында оқушылар өз шығармасынан және өлеңдер жатқа оқылып марапатталды.8 «а» сынып жетекшісі «Елімізді ертеңіне жетелеген Елбасы», 6 «а» сынып жетекшісі Г.Сегизбаева «Елім деп соғар жүрегім», 9 «ә» сынып жетекшісі Ш.Абдуллаева атты ашық тәрбие сағаттарын өткізді.
9-11сынып оқушыларымен /ұлдар,қыздар/ арасында «Тұңғыш Президент» күніне орай спорттық волейболдан жарыс өткізілді. Жарыста І орынды мұғалімдер, ІІ орынды 10 сынып оқушылары, ІІІ орынды 8 сынып оқушылары иеленіп, марапатталды.