Адал Ұрпақ 2021-2022ж
Бекітемін:
Мектеп директоры М.Я.Абдурсулов
Қалжат орта мектебі МДШО» КММ де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының 2021-2022 жылдарға арналған жұмыс жоспары
№ | Іс-шараның атауы | Жұмыс түрі | Мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | 5-11 сынып оқушылары арасында «АдалҰрпақ» еріктімектеп клубының қызметін ұйымдастыру | «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарын, әдетте, жалпы білім беру мектеп басшылығының, сыныпқа жетекшілік ететін педагогикалық қызметкерлердің қолдауымен негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқитын балалар қалаптастырады | Қазан-қараша | ДТІЖО Педагог-ұйымдастырушы |
2 | Білім беру ұйымдарының кітапханаларында үнемі жаңартылып тұратын «Парасатты азамат» бұрышын ұйымдастыру | Бұрыштардың басты мақсаты азаматтылыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметті, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу. | Үнемі | Педагог-ұйымдастырушы, Кітапханашы,сынып жетекшілер |
3 | Мектеп оқушылары арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастыру | Оқушылардысыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті - құқықтық сананы қалыптастыру | Желтоқсан | Тарих-құқық пәнінің мұғалімдері |
4 | «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты тақырыпта ата-аналар жиналысын өткізу | Жиналыс барысында құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа, төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі көрсету. Родителям балаларда құқықты, заңдарды, құқылық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу бойынша практикалық ұсыныстар беру. | Жартыжылда бір рет | ДТІЖО,Педагог-ұйымдастырушы |
5 | 9-11сынып оқушылары арасында «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында пікірталас ұйымдастыру | Пікірталас барысында оқушыларға өз пікірін айту ұсыну. Қатысушыларды 2 топқа бөлу ұсынылады. 1 тапсырма «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» ұғымының мағынасын ашу. Неге «тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» мәдениетін құру мұнша маңызды болып табылады? 2 тапсырма «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның және мемлекеттің мемлекеттік қызметшіге артқан сенімін кетіру» пікірін негіздеу. Әр адам не істей алады? Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болады? | Қаңтар | Тарих пәнінің мұғалімдері |
6 | «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен кездесу ұйымдастыру | Кездесу барысында құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарын, сондай-ақ біздің елімізде құқықтық мемлекеттің қалыптасу ерекшеліктерін талқылау ұсынылады | Ақпан | Ауылдық әкімдіктің бас мамандарымен кездесу ұйымдастыру |
7 | «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» оқушылар арасындағы сурет байқауы | Жалпы азаматтық құндылықтарын кеңінен насихаттау, оқушыларды еңбексүйгіштікке, адалдыққа баулу. | Наурыз | Сурет пәнінің мұғалімі Турганжанов Р |
8 | Білім беру ұйымдарында балаларға арналған ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты қасиеттерді насихаттайтын театрланған қойылымдар ұйымдастыру | Мектеп оқушылар әділдікке, отансүйгіштікке баулу | Сәуір | Педагог-ұйымдастырушы Музыка пәнінің мұғалімдері |
9 | Мектеп оқушылары арасында «Мемлекттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» шығарма байқауын ұйымдастыру | Өскелең ұрпақтың арасында мемлекеттік қызметті елдің мақсаттары мен даму басымдығын іске асыруға, әрбір азаматтың мүддесі үшін адал қызмет ету және күнделікті қажеттілігін қанағаттандыруға бейімделген маңызды институт ретінде түсінуін тарату | Мамыр | Тарихшы-тілші мұғалімдер |
10 | Оқушылар арасында «Сыбайлас жемқорлық қылықтары мен зардаптары», «Тәртіптің қажеттілігі қандай?» такырыптарында дебаттық турнирлер өткізу | Жастарды адалдыққа, әділдікке баулу | Қараша | Тарих пәнінің мұғалімдері,сынып жетекшілер |
11 | Оқушылар арасында «Таза сессия» акциясын өткізу | Құқықбұзушылықтардың алдын-алу және болдырмау, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу | Білгілеген мерзімде | ДТІЖО,құқық пәнінің мұғалімдері |
12 | Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған БАҚ беттеріне мақалалар жариялау | Көпшілік оқырманды ақпараттандыру | Үнемі | Тілші мұғалімдер |
13 | Оқушылар арасында Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай флешмобтар ұйымдастыру | Жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа баулу | Мамыр | Педагог-ұйымдастырушы сынып жетекшілер,музыка пәнінің мұғалімдері |